Выйти
RU

Испан тұмауынан аман қалған 104 жастағы италиялық әжей коронавирусты да жеңді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Италияның Биелла қаласының 104 жастағы тұрғыны коронавирустан емделіп шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Фото: Хабар 24

Фото: Хабар 24

Осылайша, Ада Зануссо коронавирусты жеңген әлемдегі ең қарт адам болып отыр. Бір қызығы, 1918 жылы ол адамзат тарихында болған ең үлкен пандемия саналатын "испан" індетінен аман қалған.

Ада 17 наурыз күні қарттар үйінде ауырып, ауруханаға түскен. Әжейден коронавирус анықталған.

Дәрігерлер оның денсаулығының ауырлығына қарамастан, есін жоғалтпағанын және тез сауығып кеткенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған алғашқы науқастың жазылып шыққаны белгілі болды.

Ол Петропавл қаласының тұрғыны. Енді пациент 14 күн үй карантинінде, дәрігерлер бақылауында болады.

Сондай-ақ бүгін Алматыда екі пациенттің, Нұр-Сұлтанда бір пациенттің емделіп шыққаны хабарланды.

Осылайша елімізде COVID-19-дан жазылған саны 46-ға жетіп отыр. Олардың 24-і Нұр-Сұлтан қаласында болса, 21-і Алматы қаласында біреуі Солтүстік Қазақстан облысында.

Ал 6 сәуір сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша жалпы елімізде вирус жұқтырғандар саны 604-ке жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Испан тұмауынан аман қалған 104 жастағы италиялық әжей коронавирусты да жеңді