Выйти
RU

Шымкентте коронавирус жұқтырғандарға арналған госпиталь құрылысы қалай өтіп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкентте COVID-19 вирусын жұқтырғандарға арналған госпиталь салынып жатыр. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда салынып жатқан 200 орындық аурухана құрылысымен танысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары толықтай отандық. 400-ге жуық жұмысшы жергілікті жерден тартылған.

Қала әкімі карантин кезінде жұмысшыларды арнайы автобуспен тасымалдау, қауіпсіздік шараларын сақтау және ауыр жүк көліктерінің тәулік бойы құрылыс заттарын тоқтаусыз жеткізу мәселесінде кедергі болмауын жауаптыларға жүктеді. ​

Арнайы аурухана стационар, жан сақтау сынды бірнеше бөліктен тұрады. Және онда медицина қызметкерлері жатып жұмыс істейтін жай салынып, оған қажетті мамандар​ іріктеліп алынады.

Шымкентте коронавирусты жұқтырғандарға арналған госпиталь құрылысы қалай өтіп жатыр

Фото: KAZ.NUR.KZ

Бұл ретте уақытша аурухананың жабдықталуы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы белгіленген нормативтерге толық сай болады.

Мұндағы бүкіл ұйымдастыру жұмыстарын Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы үйлестіретін болады.​

Аталған госпитальдің қала аумағында қызмет етуі инфекциялық аурулардың алдын алуды жақсартатын болады.

Шымкентте коронавирусты жұқтырғандарға арналған госпиталь құрылысы қалай өтіп жатыр

Фото: KAZ.NUR.KZ

Естеріңізге сала кетейік, СҚО-да коронавирус жұқтырған алғашқы адам жазылып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте коронавирус жұқтырғандарға арналған госпиталь құрылысы қалай өтіп жатыр