Выйти
RU

Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан айықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда COVID-19 коронавирус инфекциясынан бір адам емделді. Бұл жолы вирустан айығу жағдайы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан айықты

Көрнекі фото: pixabay.com

Telegram-да Coronavirus2020.kz арнасы отандасымыздың емі туралы хабарламаны жариялады.

Коронавирусты жеңген адам туралы қосымша деректер жоқ.Осылайша, емделгендердің жалпы саны 45-тен 46 адамға дейін артқаны белгілі.

Сонымен қатар, арна Семейдегі тағы бір науқастың жағдайы жақсарғанын хабарлады.

Егер бұған дейін 1959 жылғы ер адам өте ауыр халде жатып, желдеткішке қосылған болса, бүгінде екі жақты пневмонияға қарамастан, ол тыныстай алады.

Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр, алайда дәрігерлер оны тұрақтандыра алды. Ер адамның COVID-19 жұқтырған жұбайы өзін жақсы сезінеді.

Естеріңізге сал кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 22 жаңа дерегі анықталды. Олармен бірге жұқтырғандардың жалпы саны 651 адамға дейін өсті.

Жамбыл облысында 6 тұрғынның қайдан коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Айта кету керек, СҚО-да коронавирус жұқтырған алғашқы адам жазылып шықты. Енді ол 14 күн дәрігерлер бақылауына алынып, үй карантиніне жіберіледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан айықты