Выйти
RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 11 адамға өсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресми дереккөздер Қазақстан аумағында коронавирусты жұқтырудың 11 жаңа жағдайы туралы хабарлайды. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 662 адамды құрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 11 адамға өсті

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Отандастар арасындағы COVID-19-дың жаңа эпизодтары туралы ақпарат "Мемлекеттік комиссияның жедел штабы" Telegram арнасында жарияланған.

Коронавирустық инфекциямен ауырған 11 адамның ішінде бесеуі Қызылорда облысында, тағы бесеуі Жамбыл облысында және бір адам Түркістан облысында оң нәтиже алды.

Жамбыл облысында 6 тұрғынның қайдан коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, СҚО-да коронавирус жұқтырған алғашқы адам жазылып шықты.

Жұқпалы індеттен жазылған- Петропавл қаласының тұрғыны. Енді ол 14 күн дәрігерлер бақылауына алынып, үй карантиніне жіберіледі.

Айта кету керек, Қазақстанда тағы бір адамның коронавирустан айыққанын хабарлаған едік.

Вирус анықталған жағдайлар: 662 адам; қайтыс болғандар: 6 адам; айыққандар: 46 адам.

Еске салсақ, вирус жұқтырған екі адамның жағдайының жақсарғаны туралы хабарланды: Солтүстік Қазақстан облысында бір адам толық емделді, Семейде екінші адамның жағдайы тұрақтанды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 11 адамға өсті