Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бір отбасы түгелдей короновирус жұқтырған

Опубликовано:

6 сәуірде Шымкент қаласында тағы 5 адамнан кориновирус анықталды. Белгілі болғандай олар бір отбасының мүшесі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Вирус жұқтырған жанұя мүшелері әкесі, анасы, ағасы, әйелі және баласы болып табылады.

Олар 5 сәуір күні COVID-19 инфекциясы анықталған қаланың 24 жастағы тұрғынымен байланыста болған.

Осыдан кейін отбасы мүшелері оқшауланып, алынған сынама оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі таңда олар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.

Айта кетейік, 6 сәуір 23:20-дағы елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 11 адам тіркелді.

Осылайша елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 662-ке жетіп отыр.

Оларды 46-ы аталмыш аурудан (24-і Нұр-Сұлтан қаласында болса, 21-і Алматы қаласында біреуі Солтүстік Қазақстан облысында) жазылып шықса, алтауы қайтыс болды.

Өлім жағдайы Ақмола, Түркістан, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркелді.

6 сәуірдегі брифинг кезінде еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстарында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың жоғары өсімі тіркелгенін, сондықтан аталған өңірлерге карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтау арқылы қосымша шектеу шараларын енгізу қажеттігін айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849351-symkentte-bir-otbasy-tgeldej-koronovirus-zktyrgan/

pixel