Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 75 мыңға жуықтады

Опубликовано:

7 сәуір, таңертеңгі деректерге сүйенсек, әлемде коронавирустан 74 мыңнан аса адам қайтыс болған. Ал вирус жұқтырғандар саны 1,3 миллионнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемде 75 мыңға жуық адам коронавирустан қайтыс болды
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Джонс Хопкинс атындағы университеттің деректерінше, әлем бойынша коронавирустық инфецияны 1 340 000 адам жұқтырған. Ал қайтыс болғандар саны 75 мыңға жақындаған.

Өлім-жітім саны бойынша Италия алдыңғы орында тұр. Мұнда 16,5 мың адам көз жұмған. Одан кейінгі тізімде Испания, АҚШ және Франция бар.

Дегенмен The Guardian басылымының жазуынша, Еуропадағы соңғы күндердегі өлім көрсеткіші үміт сыйлайды. Өйткені, мәселен, Италияның өзінде соңғы үш күнде коронавирус жұқтырғандар саны азайған.

Алайда Ұлыбританиядағы жағдай мүлдем басқа. Мұнда соңғы бір тәулікте 3 800 вирус жұқтыру дерегі тіркелген. Жалпы алғанда аталмыш мемлекет аумағында коронавируспен ауыратын 50 мыңнан аса науқас бар.

Ал біздің еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келер болсақ, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 662 адамнан коронавирустық инфекция анықталды.

Оларды 46-ы аталмыш аурудан (24-і Нұр-Сұлтан қаласында болса, 21-і Алматы қаласында біреуі Солтүстік Қазақстан облысында) жазылып шықса, алтауы көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849352-lemde-75-myga-zuyk-adam-koronavirustan-kajtys-boldy/

pixel