Выйти
RU

Нурмагомедовтың орнына Фергюсонмен кімнің кездесетіні белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

UFC 249-дің ең басты оқиғасы, Тони Фергюсон мен Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе жек ресейлік спортшының бастамасымен кейінге шегерілді. Қазір UFC-дің ресейлікті алмастыратын адам тапқаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

хабиб

Фото: youtube.com/UFC - Ultimate Fighting Championship

Турнирдің қазіргі чемпионы Хабиб Нурмагомедов бұған дейін коронавирус пандемиясы салдарынан басын қатерге тіккісі келмейтіндіктен кездесудің болмайтынын мәлімдеген еді.

Өткен демалыс күндері Дана Уайт ресейлік спортшының турнирге қатыспайтынын растады. Әйтсе де, Хабибтің орнына Фергюсонмен жекпе жекке шығатын адам лезде табылған.

Промоушеннің Instagram парақшасында Тони Фергюсонның келесі кездесуіне анонс пайда болды. Оның қарсыласы ретінде 31 жастағы америкалық спортшы Джастин Гэтжи таңдалған.

Айта кету керек, спортшылар UFC-дің жеңіл салмақ категориясындағы уақытша чемпионы атағына таласады. Бұған дейін кездесу Нью-Йоркте өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда соңғы жағдайларға байланысты алаң өзгерген, дегенмен спортшылардың қай жерде жұдырықтасатыны белгісіз.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн бокс жанкүйерлерінің көкейінде жүрген сауалға жауап беріп, GGG мен "Канело" арасындағыүшінші кездесу қашан болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нурмагомедовтың орнына Фергюсонмен кімнің кездесетіні белгілі болды