Выйти
RU

Надежда Бабкинадан коронавирус табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдің халық әртісі Надежда Бабкинадан коронавирустық инфекция анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Mash Telegram арнасына сілтеме жасап.

Надежда Бабкинадан коронавирус табылды

Надежда Бабкина. Фото: instagram.com/ngbabkina

Арнаның жазуынша, әртістің жағдайы 1 сәуірде қиындап кеткен. Дәрігерлер оған алдын ала пневмония диагнозын қойған.

Дәрігерлер Бабкинаны бірден ауруханаға әкетіп, өнер иесінен коронавирустық инфекцияны анықтаған. Осыдан кейін ол емдеу мекемесіне жатқызылған.

Сондай-ақ әртістің ұлы Данила Заседателев анасының ауруханаға түскенін растады. Алайда ол анализдің нақты нәтижесін білмейді.

"Анам қазір ауруханада. Карантин бастала салысымен ол оқшаулау ережесін толық сақтады, барлық кездесулері мен сапарларын тоқтатты. Бірақ мен оның жанында жүрген жоқпын ғой. Оның осы уақытта кіммен көрісіп, байланыста болғанын айта алмаймын. Маған әлі коронавирусты растамады", - дейді Заседателев.

Еске сала кетсек, Джонс Хопкинс атындағы университеттің деректерінше, әлем бойынша коронавирустық инфецияны 1 340 000 адам жұқтырған. Ал қайтыс болғандар саны 75 мыңға жақындаған.

Ал көрішлес Ресейде 6 343 адамнан коронавирустық инфекция анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Надежда Бабкинадан коронавирус табылды