Выйти
RU

"Дәрі алуға шықтым": Атырауда карантин кезінде өтірік айтқан азамат қамауға алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырауда жеке емхананың қызметкері 15 тәулікке темір торға тоғытылды. Ол түнгі сағат екіде қала ішінде жеке көлігімен жүрген. Медицина маманы тәртіп сақшыларын "дәрі алуға шықтым" деп алдаған көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен жеке емхананың 22 жастағы фельдшері 15 тәулікке қамауға алынды.

Басылым мәліметінше, полиция қызметкері карантин ережесіне бағынбаған азаматты ұстаған түні екі рет – алдымен Лесхозда, содан соң ескі әуежай маңында тоқтатқан екен.

Сот отырысында медицина маманы кінәсін мойындамай, қарындасына дәрі іздегенін алға тартыпты.

Алайда айыптау тарапы жас дәрігердің кінәсін дәлелдеп берген. Нәтижесінде ер адамның қалаға өз шаруасымен шыққаны расталған.

Қала прокуроры Ерік Мұхамбетов карантин тәртібіне бағынбаған фельдшерді әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабының 6-тармағы "Мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы төтенше жағдай режимiн бұзу" бойынша 15 тәулікке қамауға алуды сұрады.

Судья Жасұлан Жақсылық бақылау органы қызметкерінің өтінішін қанағаттандырған.

Айта кетейік, осыған дейін Атырауда карантин кезінде қолғап кимеген дүкен иесі үш күнге қамалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Дәрі алуға шықтым": Атырауда карантин кезінде өтірік айтқан азамат қамауға алынды