Выйти
RU

Рамазан айында Сауд Арабиясында мешіттер ашыла ма: Ел билігі пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сауд Арабиясының билігі қасиетті Рамазан айы кезінде коронавирусқа байланысты елдегі шектеу шараларын жалғастыруға дайын екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости / Александр Юрьев

Фото: РИА Новости / Александр Юрьев

Бұл туралы Сауд Арабия денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Мұхаммед Абдель Али мәлімдеді.

"Рамазан айындағы діни жиындарды барлығы сағынды. Алайда қабылданған шаралар коронавирус пандемиясы басылғанға дейін жалғасын табады", - деген Абдель Алидің сөзін саудиялық "Хабр аджиль" жаңалықтар порталы келтірді.

Еске сала кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған кестеге сәйкес, биыл Рамазан айы 25 сәуірде басталады.

Бұған дейін еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сәуір айында бірқатар діни мейрам келе жатқанын, алайда вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараға, оның ішінде діни шараларға уақытша тыйым салынғанын еске салды.

Осы орайда министр барлық діни, этно-мәдени ұйымдардың басшыларынан түсіністік танытуды сұрап, мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынған болатын.

"Қазіргі күрделі уақытта адамның денсаулығы мен амандығы маңызды. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды",- дейді ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Рамазан айында Сауд Арабиясында мешіттер ашыла ма: Ел билігі пікір білдірді