Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Бүркіт алматылық мұқтаж жандарға азық-түлік таратты (видео)

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Бүркіт елімізде орын алған коронавирус пандемиясына орай Алматыдағы мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты. Әнші ел басына туған қиын жағдайда отандастарына демеу болып, барынша көмек қолын созуға тырысатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Өнер иесі бұл игі бастамасы әлі жалғасын табатынын алға тартты. Бүркіт бір ай бойы мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтамасыз етпек.

Бұл туралы эстрада жұлдызының өзі Instagram парақшасында хабарлады. Ол азық-түлік таратып жатқан сәтіндегі видеосымен бөлісті. Онда әнші тамаққа толы пакеттерді қала тұрғындарына беріп жатқанын көруге болады. Мұқтаж жандар бірінен соң бірі әншіге алғысын білдіріп, онымен суретке түскен.

Бүркіттің айтуынша, ол күніне кемінде 50 пакет азық-түлік таратады.

"Аллаһтың қалауымен! Мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жатырмыз. Бүгінге 50 пакет азық-түлік . Негізі , бұндай көмегіңді көрсетпеу керек. Бірақ, көбісі көрсет дейді. Бұл мақтаныш емес. Бүл Аллаһтың маған беріп жатқан ақшасы.
Ал мен, тәңірімнің маған беріп жатқан байлығымен бөлісуім қажет .Бауырлар аман болыңыздар! Қолымнан келгенше көмек беремін, Инша Аллаһ. Бұл маған Тәңірімнің беріп жатқан дүниесі. Қиын сәттерде мұңаймаңыздар. Бәрі жақсы болады" , - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әртістің игі бастамасына тәнті болып, оған деген жылы лебізін білдірді.

Айта кетейік, ерекше дауыс иесі Димаш Құдайберген де өз отандастарына көмек қолын созған болатын. Ол Ақтөбе мен Нұр-Сұлтандағы мұқтаж отбасыларға бес тонна азық-түлік жіберді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1849377-nsi-brkit-almatylyk-mktaz-zandarga-azyk-tlik-taratty-video/

pixel