Выйти
RU

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған соңғы 4 пациентке қатысты мәлімет шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында коронавирус анықталған соңғы 4 адамның вирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

COVID-19 инфекциясын жұқтырған төрт адамның үшеуі Қызылорда қаласында тіркелген. Олар алдында вирус анықталған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған.

Ал бір жағдай Сырдария ауданында тіркелген. Оның Нұр-Сұлтан қаласынан келгендігі және ЖРВИ симптомдары бар болуына байланысты провизорлық стационарға бақылауға алынғаны белгілі болды.

Аталған азаматтардың барлығынан Қазақстанның бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, зертханалық сынамалар алынып, диагноз расталған.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Оларға бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Ведомство мәліметінше, қазір пациенттермен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Вирус анықталған ошақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

"7 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 54 адам анықталды. Қызылорда қаласында – 9 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 24, Сырдария ауданында-1 жағдай", - делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Айта кетейік, 7 сәуір 08:35-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 670-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған соңғы 4 пациентке қатысты мәлімет шықты