Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған Түркияда медициналық масканың сатылуына тыйым салды

Опубликовано:

Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған елде медициналық маскалардың сатылуына тыйым салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Түркия президенті елде медициналық масканың сатылуына тыйым салды
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Бұдан былай Түркия азаматтары ешқандай ақша төлемей-ақ, қорғаныш заттарын тегін алады.

"Жергілікті билік "е-девлет" немесе PTT сайтының поштасында тиісті өтініш қалдырған біздің азаматтарымызға тегін медициналық маска жіберуді бастады. Масканың сатылымына тыйым салынады", - деді түрік көшбасшысы.

Айта кетсек, Жер бетінде коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллион 340 мыңнан асып кетті. 75 мыңға жуық адам қайтыс болған.

Ал Джонс Хопкинкс атындағы университет таратқан соңғы мәліметтерге сәйкес Түркияда 30 217 адамнан коронавирустық инфекция табылған. Соның 1326-ы ауруынан айықса, тағы 649 адам індеттен көз жұмды.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келер болсақ, Қазақстанда 670 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді.

Науқастардың 46-ы (Нұр-Сұлтанда 24, Алматыда 21 және Солтүсік Қазақстан облысында 1 адам) жазылып шықса, алтауы қайтыс болды. Өлім жағдайлары Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Ақмола және Түркістан облыстарында тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849392-erdogan-trkiada-medicinalyk-maskany-satyluyna-tyjym-saldy/

pixel