RU

Біртанов: 20 науқастың жағдайы нашар

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі коронавирусқа қатысты соңғы жағдайды баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Фото: ОКҚ
Фото: ОКҚ: UGC

Соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын 670 адам жұқтырған.

Өткен тәулікте 78 пациент тіркеліп, өсім деңгейі 13 пайыз болған. Нұр-Сұлтан қаласында 2, Алматыда 3, басқа өңірлерде 73 адамнан вирус анықталып, өсім 29 пайызды құраған.

Ең үлкен өсім Қарағанды облысында (16), Ақмола облысында (19), Қызылорда облысында (13), Жамбыл облысында(12) байқалған.

"Қазіргі уақытта ең үлкен өсім өңірлерде байқалып отыр. Жалпы 6 науқас қайтыс болды. 46 науқас емделіп, шығарылды. Қазір науқастардың 20-сының жағдайы нашар. Жетеуі жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Кеше үш адам жасанды тыныс алу аппаратынан алынып, жағдайы жақсарды. Жағдайы орташа 88 науқас бар. Жеңіл жағдайда 510 науқас жатыр. Ел бойынша байланыста болған 19 112 адам бар. Олардың 97 пайызы табылып, оқшауланды", - дейді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Еске сала кетсек, осыған дейін Біртанов елімізде коронавирус індеті жаз айында тоқтайды ма деген сұраққа жауап берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849393-birtanov-20-naukasty-zagdajy-nasar.html