RU

Мамандар зираттарды қиратушылардың көбейіп кету себебін талқылады

Кейінгі кезде зираттар мен ескерткіштерді қиратушылардың көбейіп кету себебі неде деп ойлайсыз? 

Ершат ОҢҒАРОВ, дінтанушы:

 

– Мұның бірден-бір себебі діни фундаментализмде жатқан сияқты. Қазіргі уақытта түрлі діни секталар барынша жанталаса жұмыс істеп, ел ішіне іріткі салып жатқанын көзіміз көріп отыр. Мәселен, қазір "исламды ұстанып жүрмін" деп санайтындардың ішінде де адасып, әлдебір секталардың идеологиясына иланып, "зират салу күнә, ол пұтқа табынуға алып барады" не болмаса "Аллаға серік қосу" деп өзінше бір пәтуа шығарып алып жатқандар бар, өкінішке қарай. Міне, осы қауіпті құбылыс. 

 

Негізі, исламда пұтқа табыну Аллаға серік қосу болып табылады. Сондықтан кейбір келте түсініктегілер немесе мұсылмандықтан сауаты аз адамдар ескерткіштер мен құлпытастарды пұтпен шатастырып, сол себепті қиратуы әбден мүмкін. Ескертіп айтамын, елімізге елеулі еңбек сіңірген тұлғалардың ескерткіші болсын, басына қойылған белгітас ешқандай да пұтқа жатпайды.

 

Сондықтан ислам ғұламалары ата-баба зираттары ғана емес, басқа дін өкілдерінің ғибадатханаларын қиратуға қатаң тыйым салады. Демек, ұлт қайраткерлері, ұлы тұлғаларымыздың ескерткішін де сындыруға болмайды деген сөз. Осыны түсіндіріп, ислами үгіт-насихаттар жүргізуді күшейту керек, заңды нығайту керек.  

 

Мақсат ЖАҚАУОВ, саясаттанушы:

 

– Қазір ескерткіштер, мемориалдық тақталар мен зираттардың бұзылу фактілерінің көп орын алу себебі, біріншіден, олардың республикалық деңгейде заңмен қорғалмауынан. Елімізде, не­гізі, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау ту­ра­лы арнайы заң бар.

Бірақ онда көп жайлар қа­рас­­­ты­рылмаған, соның ішінде осы зираттарды қор­­ғау мәселесі де бар. Зираттар жергілікті жер­лер­­дегі жерлеу бюросына қарайды, ал оның құзыреті мен мүмкіндігі шектеулі ғана, яғни олар қайтыс бол­ған кісіні жерлеуге жер бөлумен ғана шек­­теледі.

Ал егер осыны аудандық, қалалық әкім­­діктерге жүктесе, онда ол сол жердегі жер­гілікті құ­қық қорғау органдарының қадағалауына кірер еді. Сондықтан "Тарихи-мәдени ес­керт­кіш­тер ту­ралы" Заңға осы мәселелерді реттейтін қо­сым­­ша өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізу керек. 

 

Мәлік Жүнісбеков, мүсінші:

 

– Қайсыбір жылдары тіпті қазақтың қаһарман батыры Бауыр­жандай бабамыздың ескерткішіне де қастандық жасағандар бол­ды. Содан соң Алматыдағы Республика алаңында тұрған Тәуел­сіздік мо­нументінің бір бөлшегі – Елбасымыздың қолтаңбасы бар мыс кітап та жоғалды. Сонда тіпті күндіз-түні қорғауда, камера қойыл­ған алаң­дағы ескерткішті тонағандардан не айла артылсын?!

Бұ­за­қы­лық­тың да шегі ғой, ол, керек десеңіз, мәңгүрттік. Бұл ру­хани дүние­сі жұрдай, санасында саңылау жоқ адамдардың аш­көздігі, әлгі ескерткіштерге тек ақшаның көзі деп қараған бас­сыздардың ісі деп түсінемін. 

Бұ­за­қы­лық­тың да шегі ғой, ол, керек десеңіз, мәңгүрттік. Бұл ру­хани дүние­сі жұрдай, санасында саңылау жоқ адамдардың аш­көздігі, әлгі ескерткіштерге тек ақшаның көзі деп қараған бас­сыздардың ісі деп түсінемін. Көкейлерін тескені – жез бен мыстың ша­рықтаған ба­ғасы. Мысалы, мыстың бір келісі 60 доллардан кем емес. Ескерт­кіштер мен зираттар сондай қымбат материалдардан, мыс пен мәрмәрдан жасалады.

 

Әйтпесе тұлғалардың жеке басына кімнің араз­дығы бола қойсын. Адамдардың ақшаға құнығып кет­кендігі, мі­некей, осындай қауіпке апарып тіреп отыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/184940-mamandar-zirattardy-kiratushylardyn-kobejip-ketu-sebebin-talkylady.html