Выйти
RU

COVID-19: Қытайда соңғы тәулікте бірде-бір адам көз жұмған жоқ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайда соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясынан бірде-бір адам көз жұмған жоқ. Мұндай жағдай қаңтар айынан бері алғаш рет тіркеліп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Соңғы 24 сағатта аспан асты елінде коронавирус жұқтырудың жаңа 32 дерегі расталды, олар басқа мемлекеттен келген науқастар. Бұл жайында ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет хабарлады.

Жалпы алғанда Қытайда сырттан келген 983 жағдай анықталды, олардың 698-і әлі ауырып жатыр, 21-і ауыр халде. Ал 285 адам емделіп шықты.

"Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет жалпы 31 провинциядан (аудан, орталыққа бағынатын қала) 81 740 коронавирус жұқтыру дерегі туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта 1242 адам ауырып жатыр. 211-і ауыр халде, 77 167 адам ауруханадан емделіп шықты, 3331 науқас көз жұмды", - делінген хабарламада.

1 сәуір күні ел билігі ауруы ешқандай белгісіз өрбігендер жайлы ақпарат тарата бастады. Соңғы тәулікте осындай 30 дерек анықталған, олардың тоғызы сырттан келген. Соңғы тәулікте карантиннен 42 адам шығарылды. Олардың коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткенімен, ауру белгілері байқалмаған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Қазіргі уақытта дерт белгілері жоқ тағы 1033 адам медициналық қызметкерлер бақылауында.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 670-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
COVID-19: Қытайда соңғы тәулікте бірде-бір адам көз жұмған жоқ