Выйти
RU

Алматыда полицейлер бірнеше адам жиналған "отырыстың" шырқын бұзды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында карантиндік режим кезінде тұрғын үй ауласында ішімдік ішкен бір топ ер адам ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

алматыда

Фото: polisia.kz

Сайттың мәліметінше, Әуезов ауданына қарасты бірінші шағын ауданда орналасқан үйлердің ауласын күзетіп жүрген учаскелік инспекторлар алкоголь ішкен бір топ ер адамды байқайды.

Олар балаларға арналған ойын алаңқайында көңілді отырыс ұйымдастырған. Мұндай әрекеттің карантин режиміне қайшы екенін ескерткен полицейлерге азаматтар дөрекілік танытқан.

"Полиция бөліміне жеткізу кезінде бес адам тәртіп сақшыларына бағынбаған. Көрсеткен қарсылығына қарамастан, олар қамауға алынды. Қазір қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, заңға сәйкес тиісті жазасын алады", – дейді Әуезов аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Оның айтуынша, ұсталғандар қылмыстық кодекстің 379-бабы (билік өкіліне бағынбау) мен 380-бабы (билік өкіліне қарсы күш қолдану) бойынша айыпталып отыр.

Еске сала кетсек, кеше Шымкентте карантинге жабылған көп қабатты пәтерде тұратын келіншек су ағатын құбыр арқылы қашпақ болған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда полицейлер бірнеше адам жиналған "отырыстың" шырқын бұзды