RU

Ақтөбеде бір адам коронавирустан жазылды

Ақтөбе облысында 1 адам коронавирустан емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясынан жазылғандар саны 47-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Олардың 24-і Нұр-Сұлтанда, 21-і Алматыда, біреу Солтүстік Қазақстан, біреуі Ақтөбе облысында.

Айта кетейік, 7 сәуір 08:35-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 670-ке жетті.

Осыған байланысты Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір білдірді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ең үлкен өсім өңірлерде байқалып отыр. Індеттен 6 науқас қайтыс болған.

Министр 20 науқастың жағдайы нашар екенін жеткізді.

"Кеше үш адам жасанды тыныс алу аппаратынан алынып, жағдайы жақсарды. Жағдайы орташа 88 науқас бар. Жеңіл жағдайда 510 науқас жатыр. Ел бойынша байланыста болған 19 112 адам бар. Олардың 97 пайызы табылып, оқшауланды", - дейді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Өткен тәулікте 78 пациент тіркеліп, өсім деңгейі 13 пайыз болған. Нұр-Сұлтан қаласында 2, Алматыда 3, басқа өңірлерде 73 адамнан вирус анықталып, өсім 29 пайызды құраған.

Ең үлкен өсім Қарағанды облысында (16), Ақмола облысында (19), Қызылорда облысында (13), Жамбыл облысында (12) байқалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849434-aktbede-bir-naukas-koronavirus-indetinen-zazyldy.html