Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырған Британия премьер-министрі жансақтау бөліміне түсті

Опубликовано:

Коронавирус инфекциясына шалдыққан Британия премьер-министрі Борис Джонсонның жағдайы нашарлады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Борис Джонсон. Фото: Adrian Dennis - WPA Pool/Getty Images
Борис Джонсон. Фото: Adrian Dennis - WPA Pool/Getty Images: Instagram

Үкімет басшысының баспасөз хатшысы мәлімдегендей, бірнеше сағаттың ішінде аурудың белгілері асқынып, саясаткер жансақтау бөліміне түскен. Оның ем алып жатқан Лондондағы Әулие Томас ауруханасындағы медициналық бригаданың кеңесі бойынша Джонсон қарқынды терапия бөліміне жатқызылды.

5 сәуірде Британия премьер-министрі дәрігердің кеңесі бойынша ауруханаға жатқызылған болатын. Оның ресми өкілі коронавирус диагнозы қойылған Джонсонның денсаулық жағдайының жақсармағанын айтты. Ода жөтел мен жоғарғы дене қызуы болған.

Соңғы деректерге сәйкес, Британияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 52,2 мың оқиғасы тіркелген. 3,6 мың адам аурудан көз жұмса, 284 науқас жазылып шыққан.

Еске сала кетейік, 27 наурызда Британия премьер-министрі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлаған еді.

Сол кезде Борис Джонсон өз-өзін оқшаулағанын, алайда, видеоконференция арқылы үкіметті ары қарай басқара беретінін мәлімдеген тұғын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1849449-koronavirus-zktyrgan-britania-premer-ministri-zansaktau-blimine-tsti/

pixel