Выйти
RU

Қазақстанның бірқатар өңірін қар басып қалды (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің бірқатар өңірінде қар жауды. Жергілікті тұрғындар сәуір айындағы ақ ұлпаға таң қалып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: instaram.com/ivanоvegdar, instagram.com/olga_naboka88

Коллаж: NUR.KZ. Фото: instaram.com/ivanоvegdar, instagram.com/olga_naboka88

Бүгінгі қардың суреттері әлеуметтік желіде тарап үлгерді. Сәуір айындағы табиғаттың тосын сыйының суреттерімен Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысының тұрғындары бөлісті.

Жарияланған кадрлардан Қостанайға барар жолды қар басқанын көруге болады. Gismeteo ақпарына сәйкес, қалада күні бойы қалың қар жауады деп күтілуде.

Айта кетейік, бұған дейін мыңдаған Қытай турисі карантиннен кейін ашылған тау жотасында кептеліп, тұрып қалғаны туралы жазған едік. Аталмыш жағдай Аньхой провинциясындағы Хуаншань тауында болған. 5-6 сәуір демалыс күндері, үкімет саябақты келушілерге ашып, қонақтарды тарту мақсатында кіруді ақысыз қылған екен.

Нәтижесінде аз уақыттың ішінде қорықтың серуен жолдары туристерге толып, көрнекі жерді уақытша жабуға тура келген.

Интернет беттерінде тарап кеткен видео кадрынан респираторлық маска киген мыңдаған қытайлықтың парктің тар жолы арқылы баяу алға ұмтылып жатқанын көруге болады.

Ал Алматы маңында коронавирустық инфекция жұқтырғандарға арналған әскери-далалық госпиталь пайда болды. Оның жасақталуына небәрі 72 сағат кеткен.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Госпиталь Алматыдан 30 шақырым жерде орналасқан. Министрліктің хабарлауынша, далалық аурухана 100 адамға дейін қабылдай алады және заманауи технологиямен жабдықталған. Жүз төсек-орыннан бөлек мұнда ота жасау блогы, қабылдау және диагностикалық, анестезиология, жансақтау, эвакуациялық бөлімдерімен қоса дәріхана да бар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның бірқатар өңірін қар басып қалды (фото, видео)