Выйти
RU

42 500 теңге алу үшін 1,9 млн Қазақстан азаматы өтініш қалдырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін цифрлық даму министрлігі төтенже жағдай кезінде табысынан айырылғандан 42 500 теңге әлеуметтік көмек алу үшін 1,9 млн өтініш келіп түскенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл көрсеткіш күні кеше ғана 600 мыңға кем болса керек.

42 500 теңге: 1,9 млн қазақстандық өтініш қалдырған

Фото: NUR.KZ

Цифрлық даму қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспановтың мәліметінше, қазақстандықтар 42 500 теңге жәрдем алу үшін 1 890 000 электрондық өтініш беріп үлгерген көрінеді.

Жарты миллионнан астам адам Telegram-бот арқылы өтініш қалдырған. Қазір әр аймаққа жекелей 18 бот жұмыс істеп тұр.

Еске сала кетсек, кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 1,2 миллионнан асқанын айтқан болатын. Бүгінгі көрсеткішке қарағанда бұл 600 мыңға кем.

Алайда өтініштердің 1 миллионға жуығы ғана нақты адамдар екен, қалғаны қателесіп, қайталай толтырылған өтініштер көрінеді.

Айта кетейік, министр банк қарызы барлардың берешегін 42500 теңгеден ұстап қалуға құқығы жоқ екенін кесіп айтты.

Оған қоса, Біржан Нұрымбетов онлайн брифингте 42 500 теңге алу үшін банктер арнайы есепшот ашуды талап ете алмайтынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42 500 теңге алу үшін 1,9 млн Қазақстан азаматы өтініш қалдырған