Выйти
RU

Тоқаев: Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистикалық орталыққа барып, елдегі азық-түлік жеткізу жұмыстарымен танысқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/TokayevKZ

Фото: twitter.com/TokayevKZ

Бұл туралы президент өз Twitter парақшасында мәлімдеді.

"Continental Logistics" көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізу жұмыстарымен таныстым. Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қор қалыптасуда.
Үкімет және әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуі керек. ТЖ кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың "шекті бағасы" сақталуға тиіс",- деді президент.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 адам тiркелдi. Осылайша, Қазақстанда қауіпті індеткен шалдыққандардың саны 685 науқасқа жетті.

Елімізде коронавирустың тарауына байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға бағаны көтергені үшін 530 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев: Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді