Выйти
RU

Тоқаев: Қазақстан Орта Азия елдеріне гуманитарлық көмек көрсетуге дайын

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев, Орталық Азия өтініш білдірген жағдайда Қазақстанның оларға гуманитарлық көмек көрсететінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: Қазақстан Орталық Азия елдеріне гуманитарлық көмек көрсетуге дайын

Фото: twitter.com/TokayevKZ

Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгін көлік-логистикалық орталығын аралап, Қазақстанның бүгінгі таңда азық-түлікпен қаншалықты қамтамасыз етілгендігін, өңірлер қажетті тауарларды алғанын не алағанын тексерді.

Президент орталыққа барғаннан кейін бірнеше твит жариялады. Олардың бірінде ол елдегі азық-түліктің жетіспеушілігі жоқ екенін хабарлады, бірақ министрлер кабинетіне және әкімдерге тауарлардың бағасын және олардың өңірлерге үздіксіз жеткізілуін қадағалауды тапсырды.

Тағы бір твиттерінде Қасым-Жомарт Кемелұлы өтініш келіп түскен жағдайда Орталық Азия елдеріне гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Бұдан бұрын біздің еліміз Оңтүстік Кореядан гуманитарлық көмек алды. Гуманитарлық көмек келіп жеткен ұшақ 100-ден астам қазақстандықты үйге жеткізді. Бұған дейін Қытай Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберген еді.

Аспан асты елі термиялық түсіргіштер, дәрігерлерге арналған қорғаныс костюмдері, коронавирустан қорғайтын маскалар мен сынақтар жіберді.

Бұған дейін Қазақстанның көрші Ресейге гуманитарлық көмек сұрап жүгінгені туралы хабарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейтіні туралы айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев: Қазақстан Орта Азия елдеріне гуманитарлық көмек көрсетуге дайын