Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда тағы үш адам коронавирустан емделіп шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус инфекциясын жеңіп шыққан қазақстандықтар саны арта түсті. Бүгін елордалық ауруханаларда COVID-19 вирусынан тағы үш азамат емделіп шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, Нұр-Сұлтан қаласында СOVID-19 инфекциясынан ем алған үш науқастың тесті кері нәтиже көрсеткен. Олар коронавирустан жазылып шықты.

Бүгінгі күні елордалық ауруханаларда қауіпті вирустан емделіп шыққандардың саны 27 адамға жетті. Олардың барлығы COVID-19 инфекциясын толығымен еңсерді.

Жетінші сәуір күні жарияланған статистикалық мәліметтерге сәйкес, коронавирусты 50 қазақстандық жеңген.

Олардың ішінде 21 науқас алматылық ауруханалардан емделіп шыққан. Сонымен қатар, Ақтөбе мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да екі азамат қауіпті індеттен жазылды.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 685 оқиғасы тіркелді. Өкінішке орай, Қазақстанда СOVID-19 вирусынан қайтыс болғандар да бар. Республика бойынша, аты жаман аурудан 6 адам көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматының бас санитары көшеде бетпердемен жүру жайлы пікір білдірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда тағы үш адам коронавирустан емделіп шықты