Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райы: Нұр-Сұлтан мен Алматыда қар жауады деп күтілуде

Опубликовано:

Елорда мен оңтүстік астанада жақын арадағы 10 күнде ауа температурасы төмендеп, қар аралас жауын-шашын болады деп күтілуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ауа райы: Нұр-Сұлтан мен Алматыда қар жауады
Фото: pixabay.com: UGC

Gismeteo порталының мәліметі бойынша 8 сәуір күні Алматы қаласында ауа температурасы кенет 21-ден 14 градусқа дейін төмендейді және 9 сәуірде сынап бағанасы +4-ті көрсетеді. Бүрсігүні түнде күн суытып, термометр көрсеткіші нөлден төмен болады. Алайда ызғарлы күндер көпке созылмайды, келесі аптада түнде ауа райы +10 және одан жоғары градусты көрсетеді.

Портал дерегіне сүйенсек, 9 сәуір күні қар аралас жауын күтілуде. 11, 12-сі күндері күн жыли бастайды және жексенбі күні ауа температурасы бүгінгідей +21 болады. Кейін тағы да жаңбыр жауып, күн суытады.

Нұр-Сұлтанда қар аралас жауын ертең, 8 сәуір жауады деп болжам жасады портал. Түнгі ауа температурасының төмендеуі байқалып, ұзаққа созылады: 8-інен 12 сәуірге дейін.

14 сәуір күні елордада тағы да күн райы кенеттен құбылып, жауын жауады. Кейін сәрсенбі, 15 сәуірде ауа райы қалпына келіп, күн жылиды.

Еліміздің бірқатар өңірінде қар жауды. Жергілікті тұрғындар сәуір айындағы ақ ұлпаға таңғалып жатқанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849510-aua-rajy-nr-sltan-men-almatyda-kar-zauady-dep-ktilude/

pixel