Выйти
RU

Шетелдіктердің Қазақстанға келу ережелері өзгерді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ІІМ басшысы өзге ел азаматтарына Қазақстанға келу және елде жүріп-тұру ережелері өзгергені туралы бұйрыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шетелдіктердің Қазақстанға келу ережелері өзгерді

Көрнекі фото: pixabay.com

Жарияланған құжатқа сәйкес, енді шетелден қонақтары келген қазақстандықтар бұл туралы үш күннің ішінде ішкі істер органдарына есеп беруі керек.

Хабарламаларды қабылдаушы тарап жіберуі керек және бұл қағаз түрінде де, электронды түрде де жасалуы мүмкін.

Сіз шетелдіктердің келуі туралы хабарлама жібере алатын мекенжайларды Ішкі істер министрлігінің сайтынан көре аласыз.

Электрондық хабарлама жіберу үшін сізге ЭЦҚ қажет болады, оны визалық-көші-қон порталы немесе электрондық үкіметтің веб-сайты арқылы жасауға болады.

Егер шетелдік азаматтың тұрғылықты мекенжайы өзгерсе, қабылдаушы тарап бұл туралы үш күн ішінде хабарлауы керек.

Мәліметтердің дәлдігі үшін жауапкершілікті қабылдаушы тарап алады делінген құжатта. Қазақстан арқылы транзитпен өтетін шетелдіктер транзиттік визаларды рәсімдеуі керек.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар туралы мәлімет пайда болды.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда тағы үш адам коронавирустан емделіп шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шетелдіктердің Қазақстанға келу ережелері өзгерді