RU

Қырғызстанда коронавирусты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстанда коронавирусты таратқан ұшін алғаш рет қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Қылмыстық іс Ош облысының тұрғынына қарсы қозғалды деп жазды РИА Новости коронавирусқа қарсы күрес бойынша шұғыл штабқа сілтеме жасай отырып.

Күдікті карантин тәртібін бұзғаны үшін ұсталған, кейіннен оның инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Құзырлы органдардың мәліметінше, ол өзінің ауырғанын жақындары мен достарынан жасырып, ауруды таратқан.

Қазіргі уақытта ер адам обсерваторияда, вирустан толық жазылып біткен соң ол түрмеге жібіреледі. Басылымның мәліметінше, қарғызстандық 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы деректерге сәйкес, Қырғызстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 228 адамға жетті. Аурудан 4 науқас көз жұмған. Ел аумағында төтенше жағдай жарияланған.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша жаңа вирусқа шалдыққандар саны 685 адамға жетіп отыр. Өкінішке орай, елімізде СOVID-19 вирусынан қайтыс болғандар да бар. Республика бойынша, аты жаман аурудан 6 адам көз жұмды.

Сондай-ақ соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирустан 50 науқас жазылып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849522-kyrgyzstanda-koronavirusty-taratu-faktisi-bojynsa-kylmystyk-is-kozgaldy.html