Выйти
RU

Қазақстанда үш қала сусыз, жарықсыз және жылусыз қалды (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында қар жауып, күшті жел соғуының салдарынан ағаштар құлап, ғимараттардың шатырлары мен сыртқы қабаты қирап, электр желілері зақымдалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Куәгерлердің фотосы

Куәгерлердің фотосы

Атап айтқанда, табиғи апат салдарынан Қостанай, Лисаковск, Рудный тұрғындары сусыз, жарықсыз және жылусыз қалды.

Лисаковсктағы жағдайды қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жеңіс Махамбет түсіндірді.

Оның айтуынша, уақытша қолайсыздықтар электр желілеріндегі апатқа байланысты туындап отыр.

Резервтік қуаттауға көшкеннен және қолайсыз ауа райынан көрнеудің ауытқуы орын алды. Сондықтан да су сорғыштарды өшіруге шешім қабылданып, су беру тоқтатылды. Апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізілуде.

Куәгерлердің фотосы

Куәгерлердің фотосы

"Қазір іс жүзінде облыс орталығы түгелдей сусыз, жарықсыз және жылусыз отыр. Орын алған апатқа байланысты бізден сабырлық сақтауымызды сұрауда. Қоғамдық көліктер тоқтап қалды. Адамдар жұмыстан қайта алмай жатыр. Көбісі көліктерін жолға қалдырып кетіп жатыр", – дейді Қостанай тұрғыны.

Кейіннен Қостанай облысының толығымен электр қуатынан ажырап қалғаны белгілі болды. "KEGOC" акционерлік қоғамы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"7 сәуір күні таңертеңнен бастап Қостанай облысында ауа райы күрт нашарлады, қалың қар жауып, бұрқасын соқты, желдің екпіні секундына 35-37 метрге дейін жетті.

Тағы да оқыңыздар

Жын кірген адамды қалай анықтауға болады?

Қолайсыз ауа райына байланысты электр желілері істен шығып, соның салдарынан облыстағы бірнеше елді мекен жарықсыз қалды.
Қазіргі уақытта қолайсыз ауа райына қарамастан, "KEGOC" АҚ-ның жедел қызметтері өңірдің электр қуатымен жабдықталуын қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдауда", – деп мәлімдеді компания өкілдері.
Куәгерлердің фотосы

Куәгерлердің фотосы

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, елорда мен оңтүстік астанада жақын арадағы 10 күнде ауа температурасы төмендеп, қар аралас жауын-шашын болады деп күтілуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда үш қала сусыз, жарықсыз және жылусыз қалды (фото, видео)