Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шатыр ұшып, ағаш құлаған: Ақмола облысында қатты дауыл соқты (фото, видео)

Опубликовано:

Ақмола облысында қатты дауыл соғып, үйлер мен ғимараттарға, аялдамаларға зардабын тигізіп жатыр. Көкшетау жарым-жартылай жарықтан айырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Куәгерлерден
Фото: Куәгерлерден: UGC

Секундына 30 метр ұйытқыған жел салдарынан облыс орталығында электр желісі үзіліп кетті. Осылайша, бірнеше аудан жарықсыз қалды.

Кабель үзілген жерде апаттық бригада жұмыс істеуде деп хабарлады қала әкімдігі. Бірақ, табиғаттың тосын дауылымен күресу қиынға соғып жатыр. Ұялы телефондары өшіп үлгермеген оқырмандар фото мен видео жіберуде.

Бейнекадрлардан Бурабай спорткешенінің жиегі ұшып жатқанын, аялдама құлап, билбордтарды ұшқанын байқауға болады.

Фото: Куәгерлерден
Фото: Куәгерлерден: UGC

Жетісу ықшам ауданындағы 37 үйдің шатыры ұшып, кірпіштер мен құбырлар құлап жатыр.

"Абырой болғанда, коронавирусқа байланысты үй маңындағы балабақшада балалар жоқ. Профильденген бет ғимарат қоршауына, көлік тұрағына құлады. Ағаштарды сындырды",- деді үй тұрғыны.

Ал Есіл ауданы орталығында дауыл мектеп шатырын, аурухана шатыры мен кіретін бөлігін ұшырып әкетті. Мұнда желден бөлек сел жүріп жатыр.

Есіл. Фото: Куәгерден
Есіл. Фото: Куәгерден: UGC
"Бізде таңнан бері қатты жел соғып, жаңбыр жауды. Кейінірек жағдай қиындай түсіп, үй шатыры мен дуалдарды, ТВ-тәрелкелерді, тіпті, көшедегі бағандарды ұшырып әкетті. Қаланың жартысында жарық сөнді, қалғандарында ішінара жұмыс істеп тұр. Су да жоқ",- дейді Есіл тұрғыны.
Фото: Куәгерлерден
Фото: Куәгерлерден: UGC

Қазір өңірдегі дауыл салдарын жою үшін барлық күш біріктіріліп жатыр.

Фото: Оқырманнан
Фото: Оқырманнан: UGC

Зардап шеккендер де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1849540-satyr-syp-agas-klagan-akmola-oblysynda-katty-dauyl-sokty-foto-video/

pixel