Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Қытай Қазақстанға көмекке медицина қызметкерлерін жібермек

Опубликовано:

Қытай COVID-19 инфекциясымен күреске көмектесу үшін Қазақстанға медицина қызметкерлерін жібермек. Бұл бастаманы Қазақстан тарапы ұсынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: РИА Новости / Рамиль Ситдиков
Көрнекі фото: РИА Новости / Рамиль Ситдиков: Instagram

Құрамына коронавирус инфекциясының алдын алу және коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуде тәжірибесі мол жоғары білікті дәрігерлер кіретін Қытай делегациясының миссиясы - қазақстандық медицина қызметкерлеріне COVID-19 қарсы күресте консультациялық әдістемелік көмек көрсету, оның ішінде COVID-19 алдын алу және бақылаудың Қытай тәжірибесімен, жақын байланыстарды анықтау және оқшаулау тетіктерімен танысу, қолданыстағы клиникалық емдеу хаттамаларына ұсыныстар беру.

Бұл бастаманы Қазақстан тарапы осы жылдың 24 наурызында мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен COVID-19 жаңа коронавирус инфекциясына қарсы күресте ҚХР-ның Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуі туралы телефон арқылы сөйлесу барысында қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыру мақсатында ұсынды.

Дипломатиялық арналар арқылы қытайлық сарапшыларды Қазақстанға жіберуді ұйымдастыру мәселелерін шешуге қатысты екіжақты келіссөздер жүргізілуде.

Бүгін, 7 сәуірде ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаеваның төрағалығымен ҚХР денсаулық сақтау комитеті өкілдері мен қытайлық дәрігерлермен онлайн кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар 13 маманнан тұратын қытайлық делегацияның Қазақстанға сапарының бағдарламасын, ынтымақтастықтың басым бағыттарын, COVID-19 тақырыбы бойынша қазақстандық дәрігерлерге арналған тренинг тақырыптарын, логистика мәселелерін және т.б. кеңінен талқылады. Делегация құрамында пульмонология, инфекция, шұғыл терапия, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау және т.б. сала мамандары бар.

Қытай дәрігерлері сәуірдің басында Нұр-Сұлтанға арнайы ұйымдастырылған ұшақпен ұшып келеді. Сонымен қатар делегациямен бірге Қытайдан гуманитарлық көмектің екінші бөлігі де жеткізіледі деп күтілуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1849543-covid-19-kytaj-kazakstanga-kmekke-medicina-kyzmetkerlerin-zibermek/

pixel