Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында қатты дауыл салдарынан бір адам көз жұмды

Опубликовано:

Ақмола облысында қатты дауыл салдарынан бір адам көз жұмды. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Куәгерлерден
Фото: Куәгерлерден: UGC

Ведомство баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 7 сәуірде Ақмола облысы Бурабай ауданының Ұрымқай ауылында 28 м/с дейін қатты жел соғып, көлік сарайының шатырын құлатқан. Салдарынан 1980 жылы туған күзетші жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Шатырдың ауданы мен құрылыс түрі анықталып жатыр.

Одан бөлек, өңірдегі боран салдарынан кішкентай бала мен келіншек және зейнеткер зардап шекті. Атап айтқанда, Сандықтау ауылында жеті жасар балаға ғимарат шатыры құлап кеткен. Ол жабық ми-бассүйек жарақатын алған, қазір жағдайы қанағаттанарлық.

Тағы бір зардап шеккен адам Көкшетау қаласында тіркелді: филармония маңындағы аялдама 79 жастағы зейнеткердің үстіне құлап кетті. Қария кеуде қуысы, іш және арқа жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Аялдама 1976 жылы туған келіншектің де үстіне құлаған. Жәбірленуші жабық ми-бассүйек пен ығысқан сынық жарақатын алған.

Дауылдан жылжымалы және жылжымайтын мүліктерге де залал келді. Қоңырау бойынша жолға шыққан реанимобильге шатыр бөлігі құлап, көліктің терезін сындырды. Полиция шақыртылды.

Дәл осы күні Көкшетауда жедел жәрдем бекеті де зардап шекті. Көптеген ауданда аурухана ғимараттарына зақым келді. Есіл қаласында аурухана шатыры мен дуалы құлап, терезелер мен есіктер сынып, телефон мен электрожелісі үзілді.
Ал Жақсы ауылында хирургиялық бөлімнің шатыры ұшып, терезесі сынып кетті. Қызметкерлер кезекшілік ауысымды тастап, үйіне жіберілді. Зеренді, Атбасар, Егіндікөл, Қызыл жар ауылындағы ауруханалар жарықсыз қалды.

Ал Көкшетауда коронавирус жұқтырғандармен байланысқан адамдар жатқан провизорлық стационарда жарық пен су өшті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1849545-akmola-oblysyndagy-katty-dauyl-saldarynan-bir-adam-kz-zmdy/

pixel