Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өкінемін": Белгілі әнші Әли Оқапов бауырына көрсеткен қатал тәрбиесі жайлы айтты (видео)

Опубликовано:

Отандық жас әншілердің ішіндегі үздіктердің бірі Әли Оқапов туған бауыры Мәди Рымбаевқа көрсеткен қатал тәрбиесі жайлы айтты. Халық әртісі Роза Рымбаеваның тұңғышы өз әрекеті үшін өкінетінін де жасырған жоқ. Эстрада жұлдызы оның себебін балалығымен түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Juldyzdan Jaryq" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Juldyzdan Jaryq
Фото: Juldyzdan Jaryq: Instagram

Әли өтпелі жаста болғанда әкесінің жоқтығы қатты әсер еткен. Оның ойынша, бауырына көрсеткен қатал тәрбиесі соның салдарынан болуы мүмкін.

"Мен одан үлкен адамдардың деңгейін талап еттім. Оның сөздерінен, істерінен, оқуы болсын, жүріс-тұрысы болсын дегендей... Ол, әрине, бұзық бала болған жоқ. Менің сөзімді әрқашан тыңдап жүрген. Бірақ қатты қатал болудың ешбір қажеті жоқ екенін мен енді ғана түсіндім", - деді Әли.

Әли қалай әке және аға болуды үйрететін ер адам болмағандықтан, көптеген қателік жібергенін мойындады. Болашақта қатал әрі талапшыл әке болатынын да жасырмады.

Айта кетейік, осыған дейін Әбунасыр Серіковтың қызы Ханшайым Серікова әкесі жайлы бар шындықты жайып салған болатын.

Сондай-ақ, жастар арасында танымалдылығы артып келе жатқан Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов KAZ.NUR.KZ тілшісіне ашық сұхбат берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849551-kinemin-belgili-nsi-li-okapov-bauyryna-krsetken-katal-trbiesi-zajly-ajtty-video/

pixel