Выйти
RU

700-ге жуықтады: Елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 12 дерегі расталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 12 дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 анықталғандар саны 697- ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында 119 адам, Қарағанды облысында 55 адам, Ақмола облысында 42 адам, Атырау облысы 32 адам, Жамбыл облысында 45 адам,
Шымкент қаласында 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында 6 адам, Алматы облысында 10 адам, Ақтөбе облысында 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 25 адам, Павлодар облысында 1 адам, Маңғыстау облысында 5 адам, Қызылорда облысында 66 адам, Батыс Қазақстан облысында 2 адам, Түркістан облысында 33 адам, Қостанай облысында 3 адам - жалпы 697 науқас тіркелді.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты. Осылайша, елде қатерлі аурудан айыққандар саны 51-ге жетті.

Ал көршілес Қытай COVID-19 инфекциясымен күреске көмектесу үшін Қазақстанға медицина қызметкерлерін жібермек.

Бұл бастаманы Қазақстан тарапы осы жылдың 24 наурызында мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен COVID-19 жаңа коронавирус инфекциясына қарсы күресте ҚХР-ның Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуі туралы телефон арқылы сөйлесу барысында қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыру мақсатында ұсынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
700-ге жуықтады: Елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 12 дерегі расталды