Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Челлендж бастаған студенттер полицейлерге жантебірентерлік өлең арнады (видео)

Опубликовано:

Елімізде Төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бастап көпшілік әлеуметтік желіде жарыса челлендж жасап жатыр. Отандық эстрада жұлдыздары да, медицина қызметкерлері мен басқа сала мамандары да халықты бірлік пен сабырлыққа шақыруда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Instagram

ТЖ енгізілгеннен бастап қазақстандықтар ақ халатты абзал жандар мен тәртіп сақшыларының, ұстаздардың еңбегіне алғыс білдіруді тоқтатар емес. Челлендж бастағандардың көбі ел басына күн туған сәтте халықты үйде болуға, көшеге шықпауға үндеп жүр.

Күні кеше әлеуметтік желіде эстафета бастаған студенттер де көпшілікке ерекше ой салды. Олар қиын-қыстау кезеңде халық қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз жүрген тәртіп сақшыларына алғыс айту керек екенін жеткізді. Студенттер өз өмірлерін қатерге тігіп, тәртіп үшін тік тұрған полицейлерге жантебірентерлік өлең жолдарын арнады. Бейнероликті тамашалаған желі қолданушылары оң пікірлерді жарыса жазып, студенттер бастамасына қолдау білдірді.

"Жарайсыңдар", "Иә, полицейлерге мың алғыс", "Үйде болайық", "Керемет", "Тәртіп сақшыларына рахмет", "Аман болайық" деп жазды олар.

ЖОО білім алушылары құқық қорғау органдары қызметкерлеріне сенім білдіріп, эстафетаны басқа университеттерге жолдады.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінде коронавирус инфекциясына қарсы қорғаныс құралдарының таныстырылымы өтті.

Төтенше жағдай режимі енгізілген алғашқы күннен бастап медицина қызметкерлерімен бірге халықтың денсаулығын қорғау бағытында полицейлер мен әскерилер де қызмет атқарып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849559-cellendz-bastagan-studentter-policejlerge-zantebirenterlik-le-arnady-video/

pixel