Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

8 сәуірден бастап Алматы облысында карантин күшейтіледі

Опубликовано:

Алматы облысында бүгін, 8 сәуірден бастап карантин режимі күшейтіледі. Шектеу шарасы аймақта таңертеңнен басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
  • Шектеу шаралары Қазақстандағы төтенше жағдай аяқталғанға дейін қолданыста болады. Режим мен уақытты елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып түзетуге болады.
  • Алматы облысының периметрі бойынша бақылау-өткізу пункттері құрылады, онда полиция, әскери қызметшілер, медицина қызметкерлері, дезинфекциялаушылар және басқа да қызметтер кезекшілік етеді. Олар көліктерді дезинфекциялайды, температураны өлшейді және постқа келгендердің жөнін сұрайды.
  • Транспорт қозғалысы шектеледі. Жеке көліктер кейбір жағдайларда ғана облыс аумағында және пункттер ішінде жүре алады. Бұл шектеулердің барлығы жарлықта көрсетілген.
  • Әуежайлар, автовокзалдар, автостанциялар жұмысын тоқтатады.
  • Азық-түлік сатпайтын барлық сауда орындары жұмысын тоқтатады. Бұл тізімде бизнес орталықтар, балабақшалар, интернет және компьютерлік клубтар, сонымен қатар басқа да мекемелер бар.
  • Дәріханалар, сондай-ақ азық түлік дүкендері жұмысын жалғастырады. Олар санитарлық бақылауды күшейтеді.

Жарлықтың толық мәтінін осы сілтемеден оқи аласыздар.

Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар 697 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849572-8-suirden-bastap-almaty-oblysynda-karantin-ksejtiledi/

pixel