Выйти
RU

Азық-түлік бағасына шамданған ауыл тұрғындары Ақтөбеге кіруді талап етуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласынан 9 шақырым жерде орналасқан Ақшат ауылының тұрғындары оларға бақылау бекеттерінен қалаға өтуге арналған рұқсат беру керек деп санайды. Олардың айтуынша, ауыл аумағы бойынша қалаға жатады, демек олар тауар алуға шыға алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК-ға сілтеме жасап.

Дүкендегі азық-түлік бағасына шамданған Ақтөбеде тұрғындары қалаға кіруді талап етуде

Фото: Видеодан кадр

Телеарнаның хабарлауынша, ауыл тұрғындары қалаға азық-түлік алуға барғысы келеді - карантинге байланысты ауылдағы дүкендерде азық-түлік бағасы күрт көтерілді.

Ақшат тұрғындарының бірі көпшілік зейнетақыларын ала алмайтынын айтты, өйткені қалаға кіре берісте оларда бақылау-өткізу пункті құрылған. Басқалары бекетті айналып өтуге болатынын, алайда оның ақысы барын айтты.

Сонымен, ауыл тұрғындарының бірінің айтуынша, қалаға өту үшін бекетте тұрғандар заңсыз 5 мың теңге төлеуді талап етеді.

Мұндай қауесеттер жергілікті тұрғындарды қатты ашуландырды. Олар біреудің азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуға бара алмай отырғанына, ал басқаларының бұдан ақша тауып жатқанына наразы..

Ақтөбедегі аудандардың бірінің әкім орынбасары халықтың наразылығына жауап берді. Оның айтуынша, бақылау бекеті арқылы ешкім қалаға кіре алмайды - тек арнайы рұқсат керек.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Шенеуніктің айтуынша, ауылдағы дүкендердегі тауарға деген жоғары баға карантинді бұзуға себеп емес. Әкім орынбасары Ақшат тұрғындарына көрші ауылды мысалға келтірді, онда тіпті, дәріханалар мен дүкендер жоқ.

Бұл ауылдың тұрғындарына бекеттерден өтуге рұқсат етілмейді, оларға тауарлар қаладан келеді. Рас, бұл бағаға әсер ете ме, жоқ па белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтергендерге үлкен айыппұл салынады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Дереккөз: КТК

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Азық-түлік бағасына шамданған ауыл тұрғындары Ақтөбеге кіруді талап етуде