Выйти
RU

"Коронавирус ошағы": Әлемнен 76 күнге оқшауланған Ухань қайта ашылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытай билігі коронавирус індеттің ошағына айналған және 76 күн бойы әлемнің сыртқы көрінісінен ажыратылған Ухань қаласын карантиннен ашты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Zhang Chang/China News Service via Getty Images

Фото: Zhang Chang/China News Service via Getty Images

8 сәуірге қараған түні билік жолдарды ашып, адамдарға қаладан көлікпен шығуға рұқсат берді. Ухань шаһарының бүгінгі көрінісін тікелей эфирде Қытайдың Орталық теледидары көрсетті, деп жазады РИА Новости.

23 қаңтардан бастап Ухань коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты сыртқы әлемнен толықтай оқшауланған.

Қаламен көлік байланысы, соның ішінде метро, автобустар, паромдар толығымен тоқтатылды. Шаһарға кемелер жіберілмеді, әуежай және теміржол станциялары жұмыс істеген жоқ. Ухань тұрғындарына қаладан арнайы рұқсатынсыз шығуға тыйым салынды.

Ал 28 наурыздан бастап Уханьда қалаға кіретін теміржол байланысы қалпына келтірілді, ал 8 сәуірден бастап шығуға рұқсат берілді. Одан бөлек, әуе қатынасын жартылай қалпына келтіру жоспарлануда.

Cоңғы деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда 1 миллион 430 мыңнан астам COVID-19 инфекциясы тіркелген.

Дүние жүзі бойынша 82 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, ал жұқтырғандардың 302 мыңға жуығы індетті жеңіп шықты.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар 697 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Коронавирус ошағы": Әлемнен 76 күнге оқшауланған Ухань қайта ашылды