RU

Лукашенко коронавирус жұқтыру қаупінің кімдерде басым екенін айтты

Беларуссия басшысы Александр Лукашенко коронавирус инфекциясын жұқтырып алу қаупі кімдерде басымырақ екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Лукашенко коронавирус жұқтыру қаупінің кімде басым екенін айтты
Фото: regnum.ru: UGC

Президенттің айтуынша, әлі де жаман әдеттерден арылмаған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін екенін ойлап, алаңдауы керек.

Лукашенко бұған дейін ел азаматтарын спортпен шұғылданып, жаман әдеттерден бас тартуға шақырғанын еске түсірді, алайда содан кейін беларуссиялықтар мемлекет басшысының сөзіне мән бермепті.

Енді, президенттің сөзіне қарағанда, "қатерлі вирус кеше ішіп, бүгін темекі шегетіндерді табады". Өз сөзінде Лукашенко темекі шегетіндерді "нағыз ақымақтар" деп атады.

Президенттің сөздерін жергілікті арналар таратты деп жазады РИА Новости.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 400 мыңға жетті.

Worldometers статистикалық қорының мәліметтері АҚШ-та анықталған COVID-19 жұқтырғандар саны жаңа рекордтық деңгейге жеткенін көрсетеді.

Айта кету керек, әлемде коронавирус инфекциясын 1,5 миллионға жуық адам жұқтырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849596-lukasenko-koronavirus-zktyru-kaupini-kimderde-basym-ekenin-ajtty.html