Выйти
RU

"Адамгершілігі мол": Димаш Джеки Чанды 66 жасқа толуымен құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал жас әнші Димаш Құдайберген әйгілі қытай актері Джеки Чанды туған күнімен құттықтады. Ғажайып даусымен көпті таңғалдырып жүрген қазақ баласы үлгі тұтар тұлғасына желіде жазба арнаған. Әлемдік киножұлдыз 66 жасқа келді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Димаш Құдайберген бала күнінен киноларын сүйіп көретін актерді жаңа жасымен құттықтап, онымен жеке таныс болғанына әлі де сене алар еместігін жеткізді.

Әнші күллі әлемді мойындатқан Джеки Чанмен достық арақатынас орнатуында қытайлық "I am Singer" байқауының үлесі зор екенін де есінен шығарған емес. Киножұлдыз Димашты дәл сол музыкалық додада көріп, оның ерекше даусына тәнті болған.

Ол күні кеше 66 жасқа толған актерге Instagram желісінде жазба арнаған. Тума талант қытайлық өнер иесінің адамгершілігі мен асқан қарапайымдылығына тәнті болған.

"Есімде, үш жылдан астам уақыт бiрге жұмыс істеп келе жатқан Қытайдағы «BG Talent» продюсерлік агенттігінің агенті бірде: Джеки Чан сені «I am singer» жобасында өнер көрсеткеніңді көріп сені кездесуге шақырды» - деді. Кішкентай кезімнен осы керемет адамның фильмдерін жақсы көріп өстім, сондықтан қатты толқып кеттім. Осыдан кейін де біз әр түрлі телебағдарламалар мен концерттерде кездесiп келемiз.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Бірақ мен әлі күнге дейін адамгершілігі мен қарапайымдылығына таң қаламын. Менің ойымша, Майкл Джексон, Джеки Чан, Бочелли, Паваротти т.б жұлдыздарға шын мәнінде әртіс өзін қалай ұстау керек екендігін көрсеткен жұлдыздар. Джеки аға, сізді тағыда туған күніңізбен құттықтаймын" , - деп жазды Димаш.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Адамгершілігі мол": Димаш Джеки Чанды 66 жасқа толуымен құттықтады