Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік дәрігерлер Италияға вируспен күресуге көмектесіп жатыр

Опубликовано:

Ресей мен Италияның дәрігерлері Бергамодағы далалық ауруханада коронавирусқа шалдыққан науқастарды қабылдауды бастады. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

РФ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
РФ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі: Facebook

Министрліктің мәліметінше, ауруханада 200-ден астам маман қызмет етуде. Ресей тарапынан 8 бригада жұмылдырылған. Олардың құрамында 32 әскери дәрігер мен медбикелер бар.

Ведомствода атап өткендей, дәрігерлер тәулік бойы үш ауысымда жұмыс істеуде.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин мен Италия премьер-министрі Джузеппе Конте арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша аталған шара қолға алынып, коронавирус инфекциясымен күресуге көмектесу мақсатында ресейлік мамандар Италияға барды.

Еске сала кетсек, әлем бойынша коронавирус инфекциясын 1,5 миллионға жуық адам жұқтырды. Аурудан көз жұмғандар саны 82 мыңнан асып, ал қатерлі дерттен айыққандар 302 мың адамға жуықтады.

Қазіргі уақытта АҚШ вирус жұқтырған науқастардың саны бойынша көш бастап тұр. Бұл жерде қауіпті инфекция диагнозы қойылған 400 мыңнан астам адам тіркелген. Соңғы 24 сағаттың ішінде вирустан көз жұмғандардың саны екі мыңға жуықтаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849613-resejlik-drigerler-italiaga-viruspen-kresuge-kmektesude/

pixel