Выйти
RU

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған екі адам 10 тәулікке қамалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында төтенше жағдай режимін бұзған үш азамат ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған екі адам 10 тәулікке қамалды

Көрнекі фото: pixabay.com

4 сәуір күні полиция қызметкерлері мен ҚМ әскери қызметшілерімен бірлесіп қарауылдау кезінде "Соқыр" бекетін даладан айналып өтуге тырысқан 26 жастағы Қарағанды тұрғынын ұстады.

"Жігіттің ата-анасымен ұрысып, Балқашқа жаяу барғысы келгені анықталды. 6 сәуірде Нұр-Сұлтанның 26 жастағы тұрғыны Балқашқа жұмыс бабымен бара жатып, бақылау-өткізу пункті арқылы өз көлігімен екі жолаушыны тасымалдамақ болыпты. Сол күні 42 жастағы ер адам да бақылау-өткізу бекетінен заңсыз өтуге тырысқан", - дейді полиция.

Қарағанды облысының полиция департаменті карантинді бұзғаны үшін ҚР ҚК-нің 476 - бабына сәйкес айыппұл (10 АЕК-26510 теңге) немесе 15 тәулікке дейін қамау көзделген.

Барлық фактілер бойынша құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБК 476 бабы 1 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушылардың әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қарағанды облысында барлығы 18 бөгет пен 17 санитарлық пост жұмыс істейді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Олардың барлығы асханаға арналған үй-жайлармен, демалыс бөлмелерімен, биотуалеттермен, сондай-ақ Жұмысқа қажетті техникамен жабдықталған.

Жергілікті атқарушы билік органдары өткізу пункттері мен санитарлық бекеттерде жұмыс істейтіндердің барлығын үш мезгілдік тамақпен қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус инфекциясына шалдыққан тағы 7 науқас анықталғаны туралы хабарлаған едік. Осылайша, елімізде қауіпті індетке шалдыққандардың саны 704-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған екі адам 10 тәулікке қамалды