Выйти
RU

Белоруссия тұрғыны ел президенті Александр Лукашенконы сотқа берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белоруссияда коронавирус инфекциясынан Витебск облысының тұрғыны көз жұмды. Марқұмның ұлы ел президенті Александр Лукашенконы сотқа берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Александр Лукашенко фото: Sputnik / Виктор Толочко

Александр Лукашенко фото: Sputnik / Виктор Толочко

2 сәуір күні Белоруссиядағы ауруханалардың бірінде 66 жастағы әйел адам коронавирус індетінен көз жұмды. Осыдан кейін марқұмның баласы құқық қорғау органдарына жүгініп, ел президентінің үстінен арыз жазды деп хабарлайды "Белсат" телеарнасы.

Ер адамның айтуынша, мемлекет басшысы Александр Лукашенко халықты қауіпті инфекциядан қорғау үшін ешқандай шара қолданбаған. Осыған байланысты марқұмның ұлы президентке қарсы қылмыстық іс қозғауды талап етті.

Ер адам есімінің Александр екенін, Францияда тұратынын, анасы ауырғанда бірден келе алмағанын жеткізді.

Телеарнаның мәліметінше, әйел адам бірнеше апта ауруханада жатқан. Осы уақыт ішінде оған бірнеше диагноз қойыпты.

Марқұмның коронавирус инфекциясымен ауырғанын туыстары қайтыс болғаннан кейін ғана білген.

Әйел адамның қайтыс болғаны туралы куәлігінде осындай диагноз қойылды.

Фото: belsat.eu

Фото: belsat.eu

Сондай-ақ, Александр телеарнаға ел билігі қазіргі жағдайды жасыратынын мәлімдеді. Оның сөзінше, Белоруссияда карантин енгізіліп, медицина персоналдарымен қамтамассыз ету керек.

Cоңғы деректерге сүйенсек, әлемде 1 миллион 430 мыңнан астам COVID-19 инфекциясы тіркелген.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Дүние жүзі бойынша 82 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, ал жұқтырғандардың 302 мыңға жуығы індетті жеңіп шықты.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар 697 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Белоруссия тұрғыны ел президенті Александр Лукашенконы сотқа берді
Mailfire view pixel