Выйти
RU

Еліміздің қалаларында банк пен пошта алдында адамдар топ болып жиналуда (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Күшейтілген карантинге қарамастан, Нұр-Сұлтандағы "Қазпошта" алдына бір топ зейнеткер жиналды. Мұндай жағдайлар басқа қалаларда да байқалып жатыр. Адамдар тек пошта бөлімдерін ғана емес, банк филиалдарын да қоршап алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: КТК

Видеодан кадр: КТК

Елордада ондаған зейнеткер "Қазпошта" бөлімінің маңында жиылды. Адамдар мұнда ай басында берілетін зейнетақы мен жәрдемақы алу үшін келген.

Айта кетейік, "Қазпошта" карантин кезінде зейнетақыны үйге жеткізу жайлы хабарлаған еді. Бірақ жеткізу айдың 1-нен 15-не дейін жүзеге асады, ал оны күткісі келмеген зейнеткерлер ақша үшін жеке өздері келген.

Карантин уақытында жиналған халыққа тәртіп сақшылары байқап, адамдарды үйіне қайтармақ болған. Ақырында мұның мүмкін емес екенін түсінген соң полицейлер кезек тәртібі мен арақашықтықты қадағалауға көшкен.

"Қазпошта" басқармасының төрағасы төлем картасы зейнеткерлердің үйіне жеткізілетінін, ал өтінімді сайтта рәсімдеуге болатынын хабарлады. Бүгінде елде 390 мың адам үйден шықпай-ақ зейнетақы алып отыр. Пошта бөлімдерінің алдында халықтың жиылуы Тараз қаласында да байқалады, бірақ мұнда зейнеткерлердің көп бөлігі қызметтерді төлеуге келген, мұны онлайн-режимде істе олар үшін қиын.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Дереккөз: КТК

Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, мұндай жағдай Қазақстанның басқа қалаларында да байқалады. Мәселен, Қарағандыда халық Halyk Bank аумағын қоршап алған. Көпшіліктің видеосы Instagram желісін шарлап кеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздің қалаларында банк пен пошта алдында адамдар топ болып жиналуда (видео)