Выйти
RU

"Жағдайға қарап қалған қыздар жазады": Еспановтың ұлы жан сырын ақтарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Нұрлан Еспанов алдағы уақытта ұлын үйлендіріп, келін түсірмек ниетте. Алайда, әншінің баласы әзірге қалауындағы аруды таба алмай жүргенін айтады. Олжас Еспанов қазіргі таңда көптеген арулар тек жағдайға қарап сөйлесетініне қынжылды деп жазады KAZ.NUR.KZ "Paparazzi" бағдарламасына сілтеме жасап.

Олжас Еспанов. Фото: Instagram/ espanov_olzhas

Олжас Еспанов. Фото: Instagram/ espanov_olzhas

Нұрлан Еспановтың ұлы қыздарды көбіне оның отбасының танымалдылығы қызықтыратынын айтты. Ол тіпті өзіне жағдайға қарап қалған арулар көптеп жазатынын жасырмады.

"Үйде апам бар, әкемнің анасы. Сол кісі кейде айтып тұрады. "Ауылдың қызын ал, біз жақтың қызын ал" деп тұрады. Біз Арыстанбыз ғой. Маған кейде Арыстың қыздарын көрсетеді. Бірақ, мен ол кісіше келінді өзім алып келетінімді айтамын.
Көбіне жағдайға қарап қалған қыздар жазады. Ондайды ұнатпаймын. Бұйыртса, алдағы бір-екі жылда отбасын құрсам деп отырмын. Бірақ, ондай адамда әлі жолықтырмадым. Іздеу барысындамыз" , - деп ағынан жарылды Олжас Еспанов.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Еспанов KAZ.NUR.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, өзіне қатысты бұрын-соңды еш жерде айтпаған тың мәлімтпен бөліскен болатын.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жағдайға қарап қалған қыздар жазады": Еспановтың ұлы жан сырын ақтарды