Выйти
RU

Қызылордада кешкі басқосу жасаған студент достарына коронавирус жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазіргі уақытта Қазақстанда Қызылорда облысы коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны бойынша үшінші орында тұр. Осыған байланысты өңір дәрігерлері тұрғындарды карантин режимін сақтауға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

8 сәуір таңертеңгі жағдай бойынша, Қызылорда облысында Covid-19 вирусын жұқтырған науқастардың саны 69-ға жетті.

Өңірдің бас дәрігері Жақсылық Абдусаметовтің айтуынша, соңғы тәулік ішінде облыста коронавирус белгілері бар 18 науқас тіркелген.

Олардың арасында Түркістан облысынан келген науқас жолаушымен байланысқа түскен "Нұр-Сұлтан-Қызылорда" пойызының жолсерігі болғандығы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дәрігерлердің бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, карантин режимін бұзу фактілері орын алған.

Бөлім басшысы жақында басқа қаладан үйіне келіп, достарын жинаған студентті мысал ретінде келтірді. Нәтижесінде оның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Қазір науқас ауруханада. Студенттің бірнеше достары да қауіпті дерті жұқтырған. Мерекелік шараға қатысушылардың кейбірі ауруханада карантинге оқшауланғаны белгілі болды.

Осы орайда, облыстық прокуратура төтенше жағдайды бұзғаны үшін айыппұл немесе қамауға алу жазасы қарастырылғанын тұрғындардың есіне салуды ұмытқан жоқ.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар 697 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылордада кешкі басқосу жасаған студент достарына коронавирус жұқтырған