Выйти
RU

Елордада коронавирус жұқтырғандардың көбі әйелдер ме: Маман жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 222-ге жетті. Қауіпті дертке шалдыққандардың көбісі әйел адамдар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

Оның айтуынша, індетті жұқтырғандардың 46 пайызы - ерлер, 54 пайызы - әйел адамдар.

Ал елордада вирустан 28 науқас жазылып шыққан.

"Қазіргі уақытта емханаларда 493 науқас ем алып жатыр, оның 203-і коронавирустан емделушілер, оның ішінде 10 науқас Ақмола облысының тұрғындары болып табылады. 5 науқастың жағдайы ауыр халде, оның үшеуі жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған", -деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр.

Басқа науқастардың жағдайы қалыпты. Нұр-Сұлтан қаласында 28 қаңтардан бері 6315 адам бақылаудан және емдеуден өтті, оның 202-сі - 18-ге толмаған балалар.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар 697 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордада коронавирус жұқтырғандардың көбі әйелдер ме: Маман жауап берді