Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда жеті бала коронавирус жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының басшысы елордада коронавируспен ауыратындардың жасына қатысты статистиканы хабарлады. Вирус жұқтырғандар арасында жеті бала мен 70 жастан асқан үш адам бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда жеті бала коронавирус жұқтырған

Көрнекі фото:pixabay.com

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 222 адам СOVID-19-ты жұқтырды. Жас статистикаcы бойынша, вирус жұқтырған 95 адамның жасы 30-дан 49-ға дейін барады.

Жалпы статистика келесідей:

18 жасқа дейінгі балалар - 7 адам,

18 бен 29 жас аралығындағы адамдар - 59 адам,

30 жастан 49 жасқа дейін - 95 адам,

59 жастан жоғары - 37 адам,

60-69 жас - 21 адам,

70 жастан жоғары - 3 адам бар.

Вирус жұқтырғандардың 60% -ы шетелден келгендермен байланыста болғандар. Шетелден әкелген жағдайлар 12%-ды құрады.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда инфекцияның жергілікті таралуы бар. Оларда вирус жұқтырудың дереккөзі анықталмаған.

Елордада мұндай жағдайлардың 29% -ы тіркелген. Жалпы, елордада коронавируспен ауыратын 222 жағдайда 2 мыңнан астам байланысушы табылып, оқшауланды. Олардың- барлығы ауруханада жатыр.

Есеп бойынша, 1 науқас 10 адамға вирус жұқтырған.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстан туралы қызықты деректер

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 222-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда жеті бала коронавирус жұқтырған