Выйти
RU

Алматылықтар қалада жүріп-тұруға рұқсаттары бар-жоғын қалай тексере алады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері алматылықтарға арналған жаңа мобильді қосымша туралы айтып берді. Онда тұрғындар қалада жүріп-тұруға рұқсаттары бар-жоғын тексере алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оңтүстік астананың полиция департаментінде мәлім еткендей, "Е-Polisia KZ" деп аталатын жаңа қосымшаны Android операциялық жүйесіндегі гаджеттер арқылы жүктеп алуға болады.

Аталған қосымшада азаматтар өздерінің біріңғай деректер базасында бар-жоғын ЖСН нөмірі немесе көлік құралдарының мемлекеттік нөмірі арқылы тексере алады.

Яғни, енді алматылықтар қалада жүріп-тұруға рұқсаттары бар-жоғын call-орталықтарға хабарласпай-ақ біле алады.

Сонымен қатар, қосымшада карантин мен коронавируспен күреске қатысты барлық өзекті сұрақтардың жауабы бар. Сондай-ақ блок-бекеттерден өту тәртібі де жазылған.

Еске сала кетейік, жақында Алматыда қала бойынша қозғалыс ережелері өзгертілгенін хабарлағанбыз.

Оңтүстік астананың жедел штабы карантин жағдайында жұмысты жалғастыра алатын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың электрондық деректер базасын құрды. Бұдан былай құқық қорғау органдарының қызметкерлері ешқандай анықтамалар, немесе қағаз рұқсатнамаларды қабылдамайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылықтар қалада жүріп-тұруға рұқсаттары бар-жоғын қалай тексере алады