Выйти
RU

Қазақстанда вируспен күресіп жатқан дәрігерлерге қосымша 25 млн теңге берілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеуге тартылған медициналық қызметкерлердің қандай көмек алғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

25млнн

Көрнекі фото: NUR.KZ

Сәуле Қисықованың хабарлауынша, коронавируспен күресуге атсалысқан барлық медицина қызметкерлеріне наурыз айында жалпы 153,1 млн теңге сыйақы төленген.

Мұндай төлемді 1 469 адам алған. Оның 163-і дәрігер, 683-і орта медицина қызметкерлері және 623-і кіші медицина қызметкерлері.

Сондай-ақ "Біз біргеміз" қорынан қосымша қаражат бөлініп, ол ақша коронавирустық инфекция жұқтырған науқастармен тікелей байланыста болған медицина қызметкерлерін ынталандыруға жұмсалған. Бөлінген соманың жалпы құны 25 млн теңге.

Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде 704 адамнан коронавирустық инфекция табылды. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары вирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұр. Екі мегаполисте 222 және 119 науқастан бар.

Еске сала кетсек, Алматыда коронавируспен күресіп жатқан №1 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері екі аптадан бері үйлеріне қайтпағандарын айтқан болатын. Медицина мамандары науқастарға тәулік бойы көмек көрсетуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда вируспен күресіп жатқан дәрігерлерге қосымша 25 млн теңге берілді