Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы екі адам коронавирустан жазылып шықты

Опубликовано:

Оңтүстік астанада тағы 2 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Осылайша, қалада инфекциядан айыққандар саны 23 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Жалпы, Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 53 адамға жетті:

Нұр-Сұлтан қаласында – 28, Алматы қаласында – 23, Ақтөбе облысына – 1 және Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам вирустан емделіп шықты.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 704 адамға жетті.

"8 сәуірдің 08:45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелдi, Қызылорда облысында - 3 адам, Атырау облысында - 4 адам", - делінген хабарламада.

Осылайша, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 222, Алматы қаласында – 119, Қарағанды облысында – 55, Ақмола облысында – 42, Атырау облысы – 36, Жамбыл облысында – 45, Шымкент қаласында – 20, Шығыс Қазақстан облысында – 6, Алматы облысында – 10, Ақтөбе облысында – 11, Солтүстік Қазақстан облысында – 25, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 5, Қызылорда облысында – 69, Батыс Қазақстан облысында – 2, Түркістан облысында – 33 және Қостанай облысында – 3 науқас тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849676-almatyda-tagy-eki-adam-koronavirustan-zazylyp-sykty/

pixel